Токио-2020 олимпиада ойындары келесі жылға ауыстырылды
Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен телефоннан сөйлескен кезде Олимпиада ойындарын келесі жылы өткізуді ұсынды. Бах премьер-министрдің ұсынысын қабылдаған. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылғанын Халықаралық Олимпиада комитеті растады. Жақында Грециядан әкелінген Олимпиада алауы Жапония территориясында қалады. Ал іс-шараның атауы өзгертілмейді, яғни Токио-2020 олимпиадасы боп қала береді.
Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясының кесірінен Канада мен Австралияның ұлттық олимпиада комитеті 2020 жылғы Олипиада ойындарына қатысудан бас тартты. Ал бұған дейін Олимпиада ойындары тек соғыс кезінде өтпей қалған.
Комментарии
Подписаться