QazaqshaКоронавирустан қалай қорғану керек?
Медицина ғылымдарының докторымен сөйлестік
13 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясының алғаш деректері тіркелді. 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Бүгінде вирусты жұқтырғандардың саны 36-ға жетті. Ал 19 наурыздан бастап Алматы мен астанада карантин болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай — ДҰҰ) дерегінше, көп адамда инфекция жеңіл түрде өтетініне қарамастан вирусты жұқтырған әрбір бесінші адам ауруханаға жатуға мәжбүр. Коронавирус вирус пневмониясын, септикалық шок немесе респироторлық дистресс-синдромын тудырып, өлімге әкелуі мүмкін.
Біз медицина ғылымдарының докторы Гаухар Медеубаевнадан Қазақстандағы коронавирустың таралуы, алдын алу шаралары мен болжамдары туралы сұрадық.
ДДҰ-ның кеңесі
ДҰҰ-ның халықты аурудан сақтау үшін құрған кеңестер тізіміне сәйкес, төмендегі ережелерді қадағалаған жөн:
— Қолды жиі сабындап жуу немесе құрамында антисептикпен сүрту. Резеңке қолғаптарда вирус болуы мүмкін. Сондықтан оған сеніп қалмау керек;
— Қоғамдық жерлерде басқалардан кемі бір метр ара қашықты сақтау керек. Жөтеліп не түшкіріп тұрған науқастан вирус өте кішкентай тамшылар арқылы тарайды.
— Көз, мұрын мен ауызды ұстамаған жөн;
— Қол алысудан бас тарту қажет;
— Распироторлық гигиена ережелерін сақтау: түшкірген не жөтелген кезде ауыз бен мұрынды шынтақты бүгіп не қағазбен жабу керек. Кейін қолды антисептикпен тазалап, қолданылған қағазды қоқыс жәшігіне тастаған абзал;
— Дене қызуы көтерілсе, жөтел пайда болып, тыныс жолдары тарылса, дәрігерге қаралыңыз.
Белгілері:
Коронавирустың белгілеріне мыналар жатады:
Бас ауруы;
Жөтел;
Бұлшық еттердің ауруы;
Тыныс алу жолдарының тарылуы;
Қалтырау, әлсіздік.
Қайда барау керек?
Жоғарыдағы белгілер пайда болса, алматылықтар мына жерлерге хабарласа алады:
тұрғылықты мекенжайы бойынша емхана;
қалалық инфекциялық емхана;
жедел жәрдем (103);
ҚР ДСМ-нің жедел байланыс-орталығы 1406;
382-35-36; 382-33-50 номерлері.
Коронавирусты анықтау тесті тегін, нәтижесі 3-4 сағатта дайын болады.
Гаухар Құрманова
иммунолог, медицина ғылымдарының докторы
Коронавирус инфекциясының белгілері: әлсіздік, демікпе мен жөтел. Инфекция енді жұққан кезде жөтел құрғақ болса, кейін қақырыққа айналады. Басында әлсіздікті сезінбеуіңіз мүмкін, бірақ көп жағдайда ол уақыт өте келе пайда болады.
Коронавирус екіжақты пневмония мен жедел распираторлық дистресс-синдромымын (арты өлімге әкелуі мүмкін өкпенің қабынуы — Ред.) тудырып, асқынуымен қауіпті. Аурудың асқынуының негізгі белгісі — демікпе мен тыныстың тарылуы.
Иммунитеті нашар, қант диабеті, онкологиялық немесе жүрек пен өкпенің созылмалы аурулары бар адамдар үшін коронавирустың өте қауіпті. Сонымен қатар, иммунодепрессант қабылдайтын (қызыл жегі не ревматизмі бар науқастар) адамдар, кішкентай балал, жүкті әйел мен жасы үлкен адамға да коронавирустың әкелетін кеселі зор.
Бұл вирустың білгілері мен денсаулыққа зияны кәдімгі тұмау мен ЖРВИ-ден қауіпті емес. Басты қауіп — жаңа вирусқа қарсы не жеке, не ұжымдық иммунитеттің болмауында. Тұмауға қарсы дәрі-дәрмек пен вакцина бар, ал коронавирусқа ем жоқ.
Медициналық бетперденің сау адамды вирустан қорғауы екіталай, бірақ ауру белгілері пайда болған науқас және медицина қызметкерлерінің бетпердені таққаны жөн. Түшкірген не жөтелген кезде вирусты молекулалар тез тарайды. Мысалы, метро вагонының бір шетінде түшкірген адамның вирусы екінші шетіне жетуі мүмкін. Сонымен қатар олар кішкендай тамшыларға бөлініп, бетперденің фильтрінен өтіп кете алады. Ал бетперде тағып жөтелу шынтақты бүгіп не қалта орамалына жөтелумен тең. Ол алғаш тосқауыл ретінде қызмет атқарады.
Короновирустың таратпаудың ең тиімді жолы — әлеуметтік контактілерді шектеу. Қолды сабынмен 20-30 секунд бойы жиі жуу керек. Үйге кірген соң антисептиктермен тазалаған абзал.
Тұмаудың белгілері бірден пайда болса, коронавирустың инкубациялық кезеңі ұзақ. 5 күннен 14 күнге дейін, тіпті одан да ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін. Белгілері бойынша да ол алдымен кәдімгі тұмаудай сезіледі. Кейбір адамға инфекция әсер етпей, ол тек вирустың тасымалдаушысы ғана бола алады.
Қазір елде болып жатқан жағдай екі апта бұрын басталды. Күн сайын жаңа науқас анықталып жатыр. Өкінішке қарай, біз инфекциядан бір қадамға алда емес, керісінше оған ілесе алмай, артта келе жатырмыз. Сондықтан дәл қазір Қазақстанда не болатынын болжау мүмкін емес. Болжамды инфекцияның шарықтау шегінен өткен Қытайда жасауға болады.
Біздің билік өте қатаң тәртіптерді орнатып жатыр. Бір аптада үш емханада болдым. Әр жерде күзетші, дозатор тұр. Режим мен ереже қатаң сақталған. Балалар мен студенттер онлайн оқуға көшті. Үлкен жиындар мен іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Қоғамдық көліктерде дозаторларды көбейтуге болады. Адам көп жүретін жерлерді дезинфекциялау керек. Себебі карантин болғанына қарамастан бәрібір үйден шығатын кездердің болатыны сөзсіз.
Италияда инфекцияның қалай таралғанын ескеру керек. Олар Германия не Жапониядағыдай ережені қатаң ұстанса, коронавирусты жұқтырғандардың саны әлдеқайда аз болар еді.
Бәрі қарапайым тұрғындарға байланысты. Алдын алу шараларын орындау маңызды. Қолды жиі жуып, кездесулерді азайтып, шынтаққа жөтеліп, аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралған жөн.
Мәтін: Нина Долматова, Дамина Мукитанова
Комментарии
Подписаться