ForteBank қазақстандықтарды үйдегі Наурыз үшін марапаттайды
ForteBank #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, қазақстандықтарды көшеге шықпауға, Наурызды үйде мерекелеуге және сол үшін сыйлыққа ақша алуға шақырады.
Наурызды қазақстандықтар халықтық сауық-сайран, серуендермен тойлап үйренген. Алайда, коронавирус салдарынан концерттер мен фестивальдар тоқтатылды. Енді бәрі карантинде отырып, тойды үйде тойламақ. Үйде отырудан адамдардың еңсесі түспеуі үшін ForteBank оларды #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, онда 10 000 000 теңге ұтысқа салу арқылы қолдауды шешті.
Флешмоб мәні оңай: ол үшін 22 наурызда үйде қалу, Наурыз мейрамымен видеоқұттықтау түсіру, оны әлеуметтік желілерде #SaveNauryz хэштегімен жүктеу қажет. Банк барлық қатысушылардың арасында әрқайсысы 100 000 теңгеден 100 ақшалай ұтыс ойнатады.
Оның шарттары туралы банктің әлеуметтік желілердегі мына парақшаларынан толығырақ оқып білуге болады:
https://www.facebook.com/fortebank/
ForteBank өкілдері #SaveNauryz флешмобының көмегімен қазақстандықтарды біріктіріп, көңіл-күйінлерін көтереді деп сенеді.
промоновость
ForteBank қазақстандықтарды үйдегі Наурыз үшін марапаттайды
ForteBank адамдарға карантин жағдайында жәрдемдесуге ұйғарды
Читайте наш Телеграм-канал
Комментарии
Подписаться